Актер Рамазан Амантайдың туған қарындасын ұзатып жатқан сәті түсірілген видео жарияланды, - деп жазды Aikyn.kz.
Оның қарындасына деген қамқорлығы мен қимастық сезімі әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.
Актер жаңа өмірге қадам басқан қарындасын шығарып саларда көз жасына ерік берген. Ол өмірінде қарындасының орны ерекше екенін айтты.
«Қарындасымның орны бөлек», – дейді актер.
Желі қолданушылары бұл көріністі жылы қабылдап, бауырлар арасындағы сыйластыққа тәнті болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
