Ақмола облысында күндіз батыста оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.
Аптап ыстық, жаңбыр: 3 маусымға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
150
оқылды

Қазгидромет 3 маусымда барлық өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп жазды Aikyn.kz.   

Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің бірқатар аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ, жел мен шаңды дауыл болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 38 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Ақмола облысында күндіз батыста оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыс пен оңтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда да күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Қостанай облысында таңертең және күндіз батыста, оңтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан шығысқа ауысып, 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Қарағанды облысында таңертең және күндіз батыста, шығыста және оңтүстікте жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батыс пен оңтүстікте 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Ұлытау облысында күндіз батыс пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Аптап ыстық 35–36 градус болады. Жезқазғанда да 35 градус ыстық сақталып, жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс және солтүстік жел батыста, солтүстікте және оңтүстікте 15–20 м/с болады. Өскеменде күндіз желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа жетеді.

Абай облысында күндіз солтүстік пен оңтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с болады. Аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнап, жел 15–20 м/с болады.

Алматы облысында түнде тау бөктері мен таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с болады, шығыста екпіні кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде 36 градусқа дейін ыстық болады. Алматы мен Қонаевта күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, күндіз орталық бөлігінде аздаған жаңбыр болуы мүмкін. Батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Шығыс пен батыста желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Аптап ыстық 35–38 градусқа дейін жетеді. Талдықорғанда күн соңында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

Жамбыл облысында солтүстікте, оңтүстікте, шығыста және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Түркістан облысында таңертең және күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыс желі облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарда 15–20 м/с болады. Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түркістанда күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысында күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауып, найзағай мен шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15–20 м/с жетеді. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста, солтүстікте және орталықта кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып, 15–20 м/с болады, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.

Атырау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста кей уақытта нөсер жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін. Күндіз жаңбыр мен найзағай облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде сақталады. Солтүстік-батыс және батыс желі күндіз 15–20 м/с болады. Атырауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай және бұршақ түседі. Солтүстік-батыс желі күндіз оңтүстікте және шығыста 15–20 м/с болады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауып, найзағай және бұршақ болады. Солтүстік-батыс желі 15–20 м/с болады, түнде оңтүстікте, шығыста және орталықта екпіні кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.