Заң жобаларының мақсаты – гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты әкімшілік рақымшылық жасау шеңберінде халықтың борыштық жүктемесін азайту.
Сонымен қатар Әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделетінін атап өткім келеді.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негіздері көзделеді.
Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді.
Рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босатылатынын қосымша атап өткен жөн.
Осылайша, бұл нормалар процедураны жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар халыққа қаржылық жүктемені азайтады.
Сонымен қатар заң жобаларын қабылдау:
– рақымшылыққа жатпайтын адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту;
– материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларды жетілдіру;
– босатылатын бюджет қаражатын қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға және жазаларды орындаудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Жиында заң жобасының негізгі ережелері, оның мақсаттары туралы Абзал Құспанның баяндамасында толықтай айтылды.
