Оның айтуынша, олар жасаған қылмыс ауырлығы орташа санатқа жатады. Алайда рақымшылық жасау үшін келтірілген залал толық өтелуге тиіс.
Сотталған блогерлер рақымшылыққа ілінбейді – Ішкі істер министрлігі
158
оқылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сотталған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға рақымшылық қолданылмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, олар жасаған қылмыс ауырлығы орташа санатқа жатады. Алайда рақымшылық жасау үшін келтірілген залал толық өтелуге тиіс.

«Олар ауырлығы орташа қылмыстар жасады. Залал өтелсе, рақымшылық қолданылады. Бірақ дәл осы жағдайда залал өтелген жоқ. Сондықтан қылмыстық жауапкершіліктен босату сияқты рақымшылық шарасы қолданылмайды», – деді Санжар Әділов Мәжілістегі брифингте.

Еске салайық, Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп танылып, сот үкімімен кінәлі деп танылған болатын.

Сот шешімімен Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылса, Ерболат Жанәбілов 2 жылға шартты түрде сотталды.

Сонымен қатар, Төлегенованың үш кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерген сот оның жазасын өтеу мерзімін екі жылға кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.