World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңартылған рейтингіде Қазақстанның былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көш басындағы орнын сақтап қалды.
Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Наталья Богданова (70 келіге дейін) рейтингінің бірінші сатысында тұр.
Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.
Ал үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) түйіндеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында (Қытай) бокстан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
