Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
15 жастағы Полат қиын жағдайға тап болған. Қарындасының екі бүйрегі істен шыққан. Ал әкесі ауырып, өмірден өткен. Олар отбасымен жалдамалы пәтерде тұрады.
Полат үйінің үлкені болғандықтан бұл жағдай өзіне оңай емес екенін айтты. Сондықтан түрлі жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр.
«Оқушы болғандықтан көбіне жұмысқа алмай жатады. "Мың теңгеге болса да алыңыздаршы" деп айтамын. Қарындасым жазылып кетсе, арманым болмас еді», - дейді Полат.
Маска киген жігіт Полаттың қарындасының еміне қаражат беріп, оларға баспана сыйлады. Мұны көрген жасөспірім қуаныштан көз жасына ерік берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
