Барлық зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем бригадасымен Бурабай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
5 адам жарақат алды: Астана мен Көкшетау арасындағы тасжолда жан түршігерлік жол апаты
фото: www.istockphoto.com
133
оқылды

Кеше "Астана – Көкшетау – Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының 254-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Астана мен Көкшетау арасындағы республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде Toyota Alphard пен "ГАЗель" көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Сондай-ақ қауіпсіз арақашықтықты сақтамау салдарынан жолда бірге бағыттас қозғалып келе жатқан "ГАЗель" көлігімен соқтығысқан. Аталған көлік жолдың жүру бөлігінде таңба сызу жұмыстарын сүйемелдеп жүрген, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шеккені хабарланды. Барлық зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем бригадасымен Бурабай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

– Оқиға орнын тексеру барысында жол учаскесінің түзу екені, жол жабыны асфальт-бетоннан тұратыны анықталды. Жолдың жүру бөлігінде көзге көрінетін ақаулар табылған жоқ. Оқиға болған сәтте бұл учаскеде "ҚАЖсервис" ЖШС Ақмола облыстық филиалына қарасты ДЭУ-88 мекемесінің күшімен жол таңбасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқан, – деп қосты  Ұлттық компания.