Көпшілігі ерекше сәтті ұялы телефондарына түсіріп жатты.
Әнұран әрқашан жүрегімде: Ұлттық ұлан Астана халқын мерекемен құттықтады
фото: баспасөз қызметінен алынды
154
оқылды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының ерлер хоры LRT-да елорда жұртшылығын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Aikyn.kz

 Хор солистері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын, сондай-ақ белгілі патриоттық әндерді жанды дауыста орындап, жолаушыларға ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.

Салтанатты киімдегі әскерилердің музыкалық құттықтауы қала жұртшылығы мен қонақтары үшін жағымды тосын сый болды. Қоғамдық көлікте мұндай тосын сый күтпеген жолаушылардың бірі таңырқап қалса, енді бірі бірден таныс әуендерді қосыла шырқап кетті. Көпшілігі ерекше сәтті ұялы телефондарына түсіріп жатты.

Мерекелік акция Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді насихаттау, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу және халық арасында азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға, қоғам бірлігін нығайтуға ықпал етеді және Мемлекеттік рәміздердің ел егемендігінің ажырамас бөлігі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы армия мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған патриоттық іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырып жатыр.