Алматы облысы маңында тіркелген жер сілкінісіне байланысты Алматы облысы ТЖД тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандар келесі нөмір арқылы Сізге кеңес беруге және сұрақтарыңызға жауап беруге дайын:
8 (72772) 2-60-97
ТЖМ жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және басқа да бейінді қызметтерді хабардар етті.
Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ гидробекеттерінің бақылаушылары гидротехникалық құрылыстарға тексеру жүргізді - деформациялар мен жарықтар анықталған жоқ, жағдай тұрақты.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
