Продюсер, актриса Баян Алагөзова “Қыз Жібек” фильміндегі камзолдың көшірмесін жасатты, – деп жазды Aikyn.kz.
Камзолды дизайнер Аида Қауменованың командасы тіккен. Баян Алагөзова Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жаңа камзолын киіп көріп, оның фильмдегі түпнұсқа үлгісіне барынша ұқсатып тігілгенін айтты.
“Достар, камзолым өзіме қайта оралды. Енді бұл шынымен менікі. Дәлме-дәл көшірмесі. Үлкен еңбек. Қыз Жібектің толық образын тіктіріп жатырмын. Заманауи киімдермен де үйлеседі. Гүлфайруз апай 100 жыл алға ойланған. Біз Аида Кауменова екеуміз осы костюмді шығаруды қолға алып жатырмыз. Ұзатылатын қыздар, келіңіздер. Қазақ аруына 20 данасын шығарамыз. Қыз Жібектікінен несі кем?" - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
