Ол әдепсіз қимылдарды автоматты түрде тіркейтін камераларда көрсеткен.
"Камераға әдепсіз қылық көрсеткен": түркістандық жүргізуші жауапқа тартылмақ
фото: www.istockphoto.com
105
оқылды

Түркістан облысында жүргізуші көлік нөмірін матамен жасырып, камераларға әдепсіз қылық көрсеткен. Бұл оқиға республикалық тасжолда байқалған, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордадан Таразға бара жатқан жолда жүргізуші автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырып қана қоймай, заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камераларға әдепсіз қимылдар көрсеткен.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады, содан кейін іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Еске салайық, ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес, жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізгені үшін 1 жылға куәліктен айыра отырып, 5 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.