Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Арқалықта ер адам өзін заңсыз қудалағаны үшін өтемақы алуы мүмкін
фото: www.istockphoto.com
117
оқылды

Техногендік минералдық түзілімдерді заңсыз иемденді деген күдікпен сотталған Арқалық тұрғыны ақталды, – деп жазады Aikyn.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам 2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың тамызына дейін Арқалық кен орнындағы техногендік минералдық түзілімдерді алып, сақтап, өңдеп, кейін коммерциялық компания арқылы сатқан деген күдікке ілінген. Оған мемлекетке 795 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген айып тағылған.  

Сот барысында бұл минералдық түзілімдердің ешбір ұйымның балансында болмағаны және экономикалық айналымда пайдаланылмағаны анықталды. Сондықтан оларды ұрлық нысаны ретінде қарастыру мүмкін емес деген қорытынды жасалды.

Сот сондай-ақ жер қойнауын пайдалану лицензиясының болмауы өздігінен заңсыз кәсіпкерлік қылмысын құрамайтынын атап өтті.  Нәтижесінде, сот ер адамды барлық айыптар бойынша ақтап, оған заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығын берді.