Оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.
Қызылордадағы балабақшада бүлдіршінге дөрекі қараған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
215
оқылды

Қызылордада балабақша тәрбиешісінің бүлдіршіндерге дөрекі қарым-қатынас жасағаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бейнежазбада тәрбиешінің балалардың біріне күш қолданғанға ұқсас әрекеттері байқалады. Бұл жағдай желі қолданушыларының алаңдаушылығын туғызып, жауапты органдардан тиісті шара қабылдауды талап етуіне себеп болды.

Оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері бейнежазбаны мұқият зерттеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ аталған факті бойынша Қызылорда облыстық Білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданған.