Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр.
Алматы облысында итті өртеп жіберді деген күдікті ұсталды
184
оқылды

Алматы облысында итті өртеп жіберді деген күдікпен ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысы бар күдікті анықталған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті иттің бірнеше күн бойы қимылсыз жатқанын және шіри бастағанын айтқан. Оның сөзінше, жануарды алып кету туралы ауылдық чатқа хабарлама жариялағанымен, ешкім жауап бермеген.

«Ешкім алып кетпеді, сондықтан оны өртеп жібердім», – деп түсіндірген күдікті.

Оқиға туралы алғаш болып зооқорғаушы Аида Маматқазина мәлімдеген. Осыдан кейін полиция жануарға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Құқық қорғау органдары күдіктінің айтқан уәждері де тергеу барысында мұқият тексерілетінін атап өтті. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.