«1001 түн» студиясында әнші Ақбота Керімбекова қонақта болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші отбасы туралы естелік айтты. Өнер иесі ата-анасының екі жаққа кеткені өзіне ауыр тигенін жасырмады.
«Адамның өмірі жүз пайыз жақсы емес бола бермейді. Қызығы да, сынағы да болады. Бір кем дүние деген бар ғой. Кішкентай кезіңде әке-шешең бәрін алдыңа әкеліп отырады. Киімнің, тамақтың қайдан келіп жатқанын білмей, алаңсыз өмір сүресің. «Болашақта кім боламын?» деп ойлап жүргенімде ата-анам екі жаққа кетіп жатты. Соны көріп, «Өскенде тұрмысқа шығамын, ешқашан ажыраспаймын» деп айтатынмын. Көпшіліктің көзіне түскім келмей, қалымнан ұялып, жасырынып жүретінмін. Бірақ өмірімде бәрі керісінше болды. Халықтың алдында жүрмін, басымда түрлі жағдай болды. Дегенмен әр нәрсенің қайыры бар ғой», - дейді әнші.
Өнер иесі бүгінде елуге келгенін мақтанышпен айтып жүретінін атап өтті.
«Көпшілік «неге 50 жасыңыз туралы жиі айтасыз?» деп сұрайды. Мен оны мақтанышпен айтамын. Себебі бұл жасқа бәрі бірдей жете бермейді. Алдағы уақытта 60-70 жасқа келсем де, жасымды мақтан етіп айтқым келеді. Қанша жасырғанмен, адамның жасы бәрібір білінеді. Сондықтан шынайы болған дұрыс деп ойлаймын», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
