Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпио­наты мен параканоэден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Түркістандағы тартысты бәсеке
119
оқылды

Азия құрлығының түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың басын қосқан беделді халықаралық жарыс Қазақстанның рухани астанасы саналатын Түркістанның әлемдік спорт кеңістігіндегі орнын айқындай түсті.

Халықаралық деңгейдегі жа­рыс Түркістан қаласында ха­лық­аралық стандарттарға сай са­лын­ған заманауи ескек есу арнасында ұйым­дастырылып отыр. Азия чем­пионатының Қазақстанда, оның ішінде Түркістанда өтуі елі­міздің халықаралық спорт ұйым­дарымен байланысының ны­ға­йып, өңірдің ірі спорттық іс-ша­­раларды өткізу әлеуетінің артқа­нын көрсетеді.

Биылғы құрлықтық додаға Азия­ның 15 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысуда. Атап айтқанда, Вьетнам, Гонконг, Үн­діс­тан, Ирак, Иран, Жапония, Ко­рея Республикасы, Қырғызстан, Макао, Өзбекстан, Сингапур, Тай­ланд, Тәжікстан, Қытай Тайбэйі және Қазақстан құрамалары өзара бақ сынап, құрлық чемпиондары атағы үшін жарыс жолына шықты. Чемпионаттың ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының басшылары, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері мен жанкүйерлер қатысты.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысушы­лар­ды халықаралық жарыстың бас­талуымен құттықтап, Түркістан­ның соңғы жылдары мәдени, ту­ристік және саяси орталықпен қатар халықаралық спорт орта­лығына айналып келе жатқанын атап өтті. Өңір басшысының ай­туынша, бүгінгі чемпионат Азия мемлекеттері арасындағы спорт­тық байланысты нығайтып қана қоймай, халықтар арасындағы достықты, өзара құрмет пен ын­тымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Бұл халықаралық жарыс жас­тар арасындағы спортты дамы­туға, салауатты өмір салтын наси­хат­тауға және халықаралық серік­тестікті кеңейтуге бағытталған маңызды алаң саналады.

Сондай-ақ облыс әкімі Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Со­ның нәтижесінде Түркістан облы­сында спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып, халықаралық та­лаптарға сай жаңа нысандар пай­далануға берілуде. Бүгінде об­лыс аумағында 3 595 спорт нысаны халық игілігіне қызмет көрсетуде. Соңғы жылдары өңірде ондаған жаңа спорт кешені бой көтеріп, жастардың спортпен тұрақты ай­налысуына қолайлы жағдай жа­салды. Солардың ішіндегі ең бі­регей жобалардың бірі – Түркістан қаласындағы халықаралық стан­дарттарға толық сәйкес келетін ескек есу каналы.

Қазақстан Республикасы Ту­ризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру іс­тері ко­­митетінің төрағасы Руслан Есеналин өз сөзінде халықаралық жарыстар­дың жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына және елі­міздің спорт саласының дамуына зор ықпал ете­тінін айтты. Сонымен қатар мұндай жарыстар Қазақ­стан­ның халық­аралық спорт қа­уым­дастығындағы беделін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Азия каноэ конфедерациясының прези­денті Прашант Кушваха да Түр­кіс­тандағы спорттық инфрақұ­ры­лым­ға жоғары баға беріп, жа­рыс­тың ұйым­дасты­рылу деңгейі халықаралық талап­тарға толық сәйкес келетінін атап өтті. Оның айтуынша, Түркістанда қалып­тасқан заманауи спорттық база болашақта Азия ғана емес, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Түркістан қа­ласының жаңа әкімшілік-іскерлік аймағында орналасқан ескек есу арнасы өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Жалпы аумағы 99 гектарды құрайтын спорт ке­шенінің канал ұзындығы 2,2 ша­қырымға, ені 260 метрге жетеді. Су сыйымдылығы 2 миллион текше метр­ді құрайтын нысан халы­қ­аралық талаптарға толық сәйкес келеді.

Кешен аумағында 1 000 орын­дық заманауи трибуна, спорт­шы­ларға арналған арнайы жаттығу залдары, күштік дайындық орта­лық­тары мен қалпына келтіру аймақ­тары қарастырылған. Мұнда халықаралық жарыстар өткізуге, сондай-ақ ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындарын ұйым­дастыруға барлық жағдай жасал­ған. Ескек есу арнасының тағы бір ерекшелігі табиғи су көзі жоқ ау­мақ­та салынған әлемдегі санаулы бірегей нысандардың қатарында болуы. Бұл инженерлік шешімдер мен заманауи технологиялардың тиімді қолданылғанын көрсетеді.

Азия чемпионатының Түркіс­танда өтуі – өңірдің халықаралық спорт ұйымдары тарапынан жо­ғары бағаланғанының айқын кө­рінісі. Сонымен қатар бұл жарыс Түр­кістанның халықаралық ынты­мақтастықты нығайтатын, жастар арасындағы достық пен өзара түсіністікті дамытатын маңызды диалог алаңына айналып келе жатқанын көрсетеді. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы