Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лянға қарсы ойнады.
Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК
110
оқылды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лянға қарсы ойнады.

ҚР ҰОК мәліметінше, финал жолдамасы сарапқа салынған кездесу екі сетке созылды. Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Енді шешуші кездесуде Анна Данилина мен Александра Крунич АҚШ теннисшісі Тэйлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синяковамен алтын медальді өзара сарапқа салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.