Иран АҚШ-тан 24 млрд доллар активін босатуды талап етті
Иран АҚШ-қа жаңа шарт қойды: «Трамп келісім жасағысы келсе...»
159
оқылды

Иран мен АҚШ арасындағы ықтимал келісімнің тағдыры Иранның бұғатталған 24 миллиард доллар активін босату мәселесіне байланысты болып отыр. Иран билігі бұл қадамды Вашингтонға деген сенімді тексеретін маңызды шарт ретінде бағалап, алғашқы кезеңде 12 миллиард долларды қайтаруды талап етуде.

Иранның жоғары лауазымды өкілі Мохсен Резаи келіссөздердің тығырыққа тірелгенін айтып, мәселені шешу енді АҚШ президенті Дональд Трамптың қолында екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, активтердің босатылуы екі ел арасындағы қарым-қатынаста жаңа кезеңнің басталуына жол ашуы мүмкін.

Сонымен қатар Резаи АҚШ әскери әрекеттерді қайта бастайтын болса, Иран қақтығыс аумағын кеңейтуі мүмкін екенін ескертті. Дегенмен, ол қазіргі жағдайда соғыс қаупі төмен екенін атап өтті.