«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты дауылды ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ақтөбе облысында батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жауын-шашын облыстың орталығына да таралады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Таулы аудандарда жауын-шашын күшейеді. Желдің екпіні 18 м/с-қа жетуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде төтенше, ал бірқатар аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта жоғары өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Орал қаласында да найзағайлы жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
Атырау облысында жаңбыр мен найзағай болжануда. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын күтіледі.
Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Өңірдің бірнеше ауданында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында таулы және шығыс аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың бірқатар бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының өзгеруін ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
