Сондықтан бұл жер Астананың Бас жоспарында екінші әуежайдың нақты орны ретінде қарастырылмайды.
«Екінші әуежайдың орны әлі анықталған жоқ»: Астана әкімдігі мәлімдеме жасады
122
оқылды

Астана әкімдігі елорда маңында екінші әуежай салу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, бұған дейін аталған «Астанадан солтүстік-батыс бағытта, Шортанды кенті жағына қарай, Астана – Көкшетау тасжолы бойындағы аумақ» елорда әкімшілік шекарасына кірмейді. Сондықтан бұл жер Астананың Бас жоспарында екінші әуежайдың нақты орны ретінде қарастырылмайды.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта екінші әуежайдың нақты қай жерде орналасатыны жөнінде түпкілікті шешім қабылданбаған.

«Бүгінде екінші әуежайдың орналасатын орны бойынша нақты шешім жоқ. Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу аясында тек ықтимал перспективалық бағыттар ғана қарастырылып жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ «2035 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы елордалық мәслихат депутаттары мақұлдағаннан кейін Қазақстан Үкіметінің қарауына жолданатыны атап өтілді.

Әкімдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Нақты мәлімет алу үшін азаматтарға Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына жүгіну ұсынылды.