Өскемен қаласында сауда үйлерінің бірінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға 4 маусым күні болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабар жедел жәрдем қызметінен түскен.
Оқиға орнына дереу полицияның тергеу-жедел тобы жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған.
Әйелдің нақты неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
