Ол электр желісінің темір конструкциясына өрмелеп шыққан.
Қарағанды облысында 10 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті
фото: www.istockphoto.com
444
оқылды

Қарағанды облысының Долинка кентінде 10 жасар бала токқа түсіп, салдарынан жансақтау бөліміне жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы жағдай Заводской көшесінде болған. 

Зардап шеккен баланың әпкесінің айтуынша, оның інісі Сергей кернеуі 6 000 вольт болатын электр желісінің темір конструкциясына өрмелеп шыққан. Салдарынан баланы ток соғып, ол биіктен құлап кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін еліміз бойынша ауа райы болжамы хабарланған болатын.