Ол үй алып, балаларынан бөлек шыққан.
“Тәрбиелеу керек”: Роза Әлқожа келінінен іргесін аулақ салғанын айтты
139
оқылды

Танымал әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында жаңалығымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, ипотекаға үй алған. 

– Былтыр ипотекаға үй алғанбыз. Дым асықпай жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Кіргелі де көп нәрсеміз түгел емес. Қазір кәкір-шүкір маңызды болмай қалған. Туыстар көргенде “қашан барамыз?” деп жатады. Үй болған соң құтты болсын айтқан абзал. Кішігірім болса да көңіліміз кең. “Шашу шашып келеміз” деген соң мархабат дедік.

Үлкен үйді немеремізге қалдырып, өзіміз бөлек кеттік. Бұрыннан бауырға басып алуға қарсымын. Бірге тұрсаң білінбейді. Өзім солай өскен соң белгілі. Себебі өте көп, – дейді әнші. 

Әнші келін өзімен өзі өмір кешуге құқылы.

– "Келінді тәрбиелеу керек” дегенге келсек, ешкім тәрбиесіз келмейді. Көргені бар, тегінде бар нәрсені жасайды. Келінге де мейірім керек. Ол махаббат үшін білмейтін әулетке келген батыр жан. Ол да жеке, өзімен өзі өмір кешуге құқылы. 

Ал  кімнің болса да Алла санасына берсін! Әр балаға уақытында сепарация жасау қажет. Біздегі көп проблема меншіктеуден болады. “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар”. Әдемі сәттеріміз көп болсын!",  деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін жаңа баспанасымен құттықтады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)