Түркістан қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында байдарка мен каноэде есуден өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Біздің ескекшілер жалпы саны 41 медаль жеңіп алды. ҚР ҰОК мәліметінше, оның 20-сы – алтын жүлде.
U23
Алтын медаль иегерлері: Дмитрий Холмогоров (байдарка, 1000 м), Стелла Суханова (байдарка, 1000 м), Сұлтан Шарапиев (каноэ, 200 м), Стелла Суханова (байдарка, 200 м), Дмитрий Холмогоров (байдарка, 500 м), Стелла Суханова (байдарка, 500 м), Сұлтан Шарапиев пен Ульяна Киселёва (аралас жұптық каноэ, 500 м), Стелла Суханова мен Вероника Трапезникова (екі адамдық байдарка, 200 м), Мария Бровкова мен Ульяна Киселёва (екі адамдық каноэ, 200 м), Егор Краснонос пен Дмитрий Холмогоров (екі адамдық байдарка, 500 м), Стелла Суханова мен Вероника Трапезникова (екі адамдық байдарка, 500 м), Мария Бровкова мен Ульяна Киселёва (екі адамдық каноэ, 500 м), Стелла Суханова, Вероника Трапезникова, Татьяна Гладкова және Елизавета Масякина (төрт адамдық байдарка, 500 м).
Күміс жүлдегерлер: Полат Төребеков (каноэ, 1000 м), Мария Бровкова (каноэ, 1000 м), Ульяна Киселёва (каноэ, 200 м), Полат Төребеков (каноэ, 500 м), Дмитрий Холмогоров пен Стелла Суханова (аралас жұптық байдарка, 500 м), Владислав Руденко мен Полат Төребеков (екі адамдық каноэ, 500 м), Мария Карманова, Руфина Искакова, Мария Бровкова және Ульяна Киселёва (төрт адамдық каноэ, 500 м), Сұлтан Шарапиев, Владислав Руденко, Полат Төребеков және Юрий Горбов (төрт адамдық каноэ, 500 м), Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков және Глеб Ударцев (төрт адамдық байдарка, 500 м).
U18
Алтын медаль иегерлері: Тимофей Таранов (байдарка, 200 м), Эвелина Костенко (байдарка, 200 м), Эвелина Костенко (байдарка, 500 м), Анна Емельяненко мен Тимофей Таранов (аралас жұптық байдарка, 500 м), Тимофей Таранов пен Даниил Коляда (екі адамдық байдарка, 200 м), Мәдияр Қанекен, Алексей Ширман, Нұртілек Иман және Никон Дергунов (төрт адамдық байдарка, 500 м), Эвелина Костенко, Анна Емельяненко, Анастасия Прибыткова және Кира Кальтенбергер (төрт адамдық байдарка, 500 м).
Күміс жүлдегерлер: Богдан Носиков (каноэ, 1000 м), Тимофей Таранов (байдарка, 1000 м), Ксения Сломинская (каноэ, 200 м), Дәулет Шалдар, Руслан Федотов, Әділбек Исроилов және Савелий Лыжин (төрт адамдық каноэ, 500 м), Даниил Коляда мен Тимофей Таранов (екі адамдық байдарка, 500 м), Артур Миллер мен Савелий Лыжин (екі адамдық каноэ, 500 м), Анастасия Прибыткова мен Эвелина Костенко (екі адамдық байдарка, 500 м), Ксения Сломинская мен Милана Абдубаева (екі адамдық каноэ, 500 м).
Қола жүлдегерлер: Анна Емельяненко (байдарка, 1000 м), Аслан Сәдуақас пен Ульяна Иванова (аралас жұптық каноэ, 500 м), Зоя Прядка мен Злата Прядка (екі адамдық байдарка, 200 м), Милана Абдубаева, Ксения Сломинская, София Гизенка және Ульяна Иванова (төрт адамдық каноэ, 500 м).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
