Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
"Ауыр жарақатпен ауруханаға түсті": Семейде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
фото: www.istockphoto.com
169
оқылды

Семей қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Абай облысы Полииция департаменті мәлім етті.

Оқиға 8 маусым күні сағат 21:50 шамасында Өскемен көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2109 маркалы автокөлікті басқарған 28 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апатының салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша жол қозғалысы қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.