Құқық бұзушы 24 сағатқа әкімшілік қамауға алынды.
"Суретке түспек болған": 20 жастағы елордалық қамауға алынды
фото: www.istockphoto.com
181
оқылды

Өскемендегі демалыс аймағында 20 жастағы елордалық сәндік жазудың үстіне шығып, оны бүлдірген,  деп хабарлайды Aikyn.kz

ШҚО Полиция департаменті оқиға "Чечек" демалыс аймағында болғанын нақтылады.

"Облыс орталығына қонаққа келген елорданың 20 жастағы тұрғыны демалыс аймағында ерекше суретке түспек болған. Ол үшін "CHECHEK" сәндік жазуына шығып, салдарынан конструкцияны бүлдірген. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды",  деп мәлімдеді полицейлер.

Одан әрі процессуаллық шешім қабылдау үшін материалдар Өскемен қалалық сотына жолданды.