Журналистің айтуынша, ол Наташа Қалымбетованың марқұм әріптесі, журналист Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін жуырда ғана білген.
Дана Нұржігіт Наташа Қалымбетова туралы ел күтпеген шындықты айтты
176
оқылды

Белгілі журналист Дана Нұржігіт соңғы күндері қоғамда қызу талқыланып жатқан Наташа Қалымбетова туралы әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналистің айтуынша, ол Наташа Қалымбетованың марқұм әріптесі, журналист Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін жуырда ғана білген.

«Бірнеше күннен бері осыдан 32 жыл бұрын бір топ айуанның қолына түсіп, зорлық-зомбылық көрген, кейін дүниеге келген баласынан айырылған ананың біздің марқұм әріптесіміз Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін кеше білдім. Білдім де “аһ” ұрдым! Бұл мәліметті маған жеткізген радиодағы әріптесім Жанар Оразымбетке рақмет!» – деп жазды Дана Нұржігіт.

Ол бұл жаңалықты естігеннен кейін Наташа Қалымбетоваға бірден хабарласқанын айтты.

«Мен Наташаға бірден хабарласып, бүгін жылап көрістік. Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда ғана біліп, естігенім болмаса, бір-бірімізді көрген адамдар емеспіз», – деді журналист.

Айта кетейік, соңғы күндері Наташа Қалымбетованың өмір жолы мен басынан өткен ауыр тағдыры әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.