Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.
АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық жүзушілер төрт медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК
140
оқылды

Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.

Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.

ҚР ҰОК мәліметінше, 200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.

Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.