Баланың жағдайы туралы ақпарат берілмеген.
Түркістанда бір жасар бала ауладағы дәретханаға құлап кеткен
фото: www.istockphoto.com
165
оқылды

Түркістан облысы Темірлан ауылында бір жасар баланың жеке үйдің ауласындағы дәретханаға құлап түсіп, өздігінен шыға алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл хабар 112 пультіне түскен.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жіберілген.

Құтқарушылар баланы абайлап шығарып алып, 103 қызметіне тапсырды. Сәбидің жағдайы жайлы ақпарат берілмеді. Сол себепті құтқарушылар балаларды тіпті аз уақытқа да қараусыз қалдырмауды ескертеді. 

Бұған дейін Түркістан облысындағы Арыс қаласында мас күйінде көлік жүргізіп, аулада отырған 4 адамды қағып кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.