Ләззат Қалтаева 20 жылдан бері Қазақстандағы инклюзия мәселелерімен айналысып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаумен келеді.
Ләззат Қалтаева БҰҰ комитетінің өкілі болып сайланды
203
оқылды

БҰҰ комитетінің сайлауында 157 мемлекет Ләззат Қалтаеваның кандидатурасын қолдап шықты. Енді ол БҰҰ комитетінің мүшесі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің тоғыз жаңа мүшесін сайлау рәсімі өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауын алып, әрі ең үздік көрсеткішке ие болған жан. Нәтижесінде,  ол 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия өкілдері сайланды.

Қызылорданың тумасы Ләззат Қалтаева еңбек жолын 1987 жылы Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамында хатшы-референт, одан кейін басшы орынбасары қызметінен бастаған. Тәуелсіздік жылдары, жеті жылдай "Тұмар" ЖШС және "Виктория" ЖШС-да маркетинг инженері болған. 2001 жылдан бастап – "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі, "Мүгедектігі бар адамдардың Орталық-Азия форумы" ЗТБ төрайымы болды.