Жұмыс аптасы 7 шілде, сейсенбі күні басталады.
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
фото: www.istockphoto.com
269
оқылды

Қазақстанда 6 шілдеде мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биыл мерекелік күн дүйсенбіге түседі. Осыған сәйкес қазақстандықтар қатарынан үш күн – 4, 5 және 6 шілдеде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін екі күн демалыс болады: 5 және 6 шілде (жексенбі және дүйсенбі). Ал 4 шілде, сенбі толыққанды жұмыс күні болып қалады.

Сөйтіп,, 2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс аптасы кезінде 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні қарастырылған.