Әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» театрының әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанын қызу талқылаған.
"Атақтың қажеті жоқ": Жүсіп Ақшора мемлекеттік награда туралы ойын айтты
166
оқылды

Танымал актер Жүсіп Ақшора мемлекеттік марапат алмауына қатысты пікір білдіріп, атақтың өзіне маңызды емес екенін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Өнер иесі отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында халықтың ықыласы кез келген марапаттан жоғары екенін жеткізді.

«Маған біреудің атақ бергені маңызды емес. "Халық әртісі" деген атақтың да қажеті жоқ. Егер халық сені танып, көшеде амандасып, бірге суретке түссе – мен үшін ең үлкен марапат сол. Нағыз халық әртісі деген сол», – деді актер.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.  Марапат иелерінің қатарында әнші Дастан Оразбеков те бар.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» театрының әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанын қызу талқылаған еді.