Қазір жол апатына қатысты барлық мән-жай мен себебі анықталып жатыр.
Ірі жол апаты: Ақтөбе облысында 2 адам қаза тауып, 8-і зардап шекті
фото: www.istockphoto.com
146
оқылды

"Ақтөбе – Астрахан" республикалық маңызы бар автожолында екі адам мерт болып, сегіз адам зардап шеккен ірі жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жол-көлік оқиғасы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған. DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.

Ақтөбе облыстық ПД-ның мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.