Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттардың сауалдарына жауап беру кезінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, былтыр жылдың соңында «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 216 шақырымдық учаскесінің құрылысы аяқталған. Биыл Ұлытау мен Қызылорда облыстарын байланыстыратын жол толық пайдалануға беріледі.
«Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтап, халық игілігіне тапсырамыз. Сонымен қатар, "Қарағанды – Жезқазған" автожолы – еліміз үшін аса маңызды жобалардың бірі. Жолдың ұзындығы 575 шақырымды, ал жобаның құны 524 млрд теңгені құрайды. Құрылысты осы айдың соңына дейін бастап, алдағы екі жылда сапалы аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Үкімет мәліметінше, биыл республика бойынша 11 мың шақырымнан астам автожол күрделі және орташа жөндеумен, сондай-ақ қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Бұған қоса, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда жаңа көпірлер салу мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарында ұзындығы 765 шақырым болатын «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы бар. Жобаның жалпы құны 725 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін жаңғырту аясында «Ақтөбе – Қызылорда» жол учаскесін екінші санаттан бірінші санатқа көшіру жұмыстары басталмақ.
Бұдан бөлек, Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жолды жаңғырту және басқа да маңызды жол инфрақұрылымы нысандарын аяқтау жоспарланған.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттардың сауалдарына жауап беру кезінде мәлімдеді.