Бір қарағанда мұндай ұсыныстар қызық көрінуі мүмкін.
"Өмірді күйрететін жол...": Полиция күмәнді табыс көздерінен сақ болуға шақырды
Фото: istockphoto.com
147
оқылды

Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде "жоғары жалақы", "жеңіл табыс" деген ұсыныстармен түрлі хабарландырулар таралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бір қарағанда мұндай ұсыныстар қызық көрінуі мүмкін. Алайда шындық басқаша: көп жағдайда мұндай хабарландырулардың артында есірткі тасымалдау, сақтау және таратуға байланысты ауыр қылмыстар тұрады. 

Есірткі бизнесі — жеңіл табыс табу құралы емес, ол қылмыстық жауапкершілікке және өмірді күйрететін жол. 

Полиция келесі маңызды ережені сақтауды ұсынды:

— Күмәнді жұмыс ұсыныстарына ешқашан келіспеңіз. Бұл қауіп туралы достарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз 

— олардың қауіпсіздігі де сізге байланысты; 

— Заңды жұмыс орындарын және сенімді табыс көздерін таңдаңыз. Жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылу ауыр салдарға әкелуі мүмкін; 

— Бейтаныс адамдардан келген хабарламаларға және күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Күмән туған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз; 

«Өз болашағыңызды, еркіндігіңізді және беделіңізді бір сәттік пайда үшін құрбан етпеңіз. Интернеттегі "жеңіл ақша" ауыр өмірлік салдарға және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін», - деді полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.