Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік-батысында ауа райы бұзылса, ал оңтүстікте, керісінше, шіліңгір ыстық болады.
11-13 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
146
оқылды

Қазгидромет 11-13 маусым аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік-батысында ауа райы бұзылса, оңтүстікте, керісінше, шіліңгір ыстық болады. 

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында болады. Осыған байланысты мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, дауылға айналуы және бұршақ жаууы мүмкін. 

11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында, ал 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. 

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35°С-тан +40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30°С -тан +37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. 

Ал басқа аймақтарда ауа температурасы бірқалыпты болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.