Астанада мешітте келген адамның телефонын ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қалалық полицияның мәліметінше, күдікті мешіт аумағында түнеп жүрген. Ол намаз оқып тұрған азаматтың жақын маңда тұрған барсеткасынан iPhone 13 маркалы ұялы телефонды жасырын түрде алып кеткен.
Оқиғадан кейін күдікті ізін суытқан. Бірақ бейнебақылау камераларының көмегімен оның жеке басы анықталып, жедел-іздестіру шаралары барысында елорда көшелерінің бірінде қолға түсті.
Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
