Санкциялық тізімге Иранның екі азаматы, Қытайдың төрт азаматы, Гонконгта тіркелген үш компания және Қытайдағы бір компания енгізілді.
«Құпия қару келісімі»: АҚШ Қытай мен Беларуське қатысты санкцияны күшейтті
203
оқылды

АҚШ Иранға қару жеткізуге қатысты күдікке байланысты Қытай, Беларусь және Гонконгтағы бірқатар компаниялар мен азаматтарға қарсы жаңа санкциялар енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Вашингтонның мәліметінше, шектеулер Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусына арналған болуы мүмкін тасымалды зениттік зымыран кешендерінің жеткізілуіне байланысты қабылданған.

Санкциялық тізімге Иранның екі азаматы, Қытайдың төрт азаматы, Гонконгта тіркелген үш компания және Қытайдағы бір компания енгізілді.

Бұдан бөлек, Иранның тағы бір азаматына, сондай-ақ Беларусь пен Ирандағы екі компанияға қатысты бұрын қолданыста болған шектеулер кеңейтілді.

АҚШ тарапының мәлімдеуінше, тасымалды зениттік зымыран кешендері Қытайдан Иранға жеткізілген болуы мүмкін. Ал аталған мәміледе Беларусь компанияларының бірі делдал ретінде пайдаланылған деген болжам бар.

Мемлекеттік департамент бұл шаралар Иранның әскери әлеуетін күшейтуге ықпал ететін жеткізу тізбектерін бұзуға бағытталғанын мәлімдеді.