Айта кетейік, «Құрмет» ордені еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына, ғылым, білім, өнер және басқа да салаларға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Әнші Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденімен марапатталды
144
оқылды

Әнші Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденімен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесіне мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен табысталды. Қуанышты жаңалықпен әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, тыңдармандарына алғыс айтты.

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Президентіміздің жарлығымен “Құрмет” орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Айта кетейік, «Құрмет» ордені еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына, ғылым, білім, өнер және басқа да салаларға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.