Күллі әлем көз тіккен әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Ашылу рәсімі Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтіп жатыр.
Іс-шара барысында Шакира, Бурна Бой, Джей Бальвин сынды әлем жұлдыздары өнер көрсетеді.
Биылғы турнирді үш ел қабылдап отыр. Әр мемлекет өз стадионында жеке ашылу шоуын ұйымдастырады.
Жалпы додаға 48 құрама қатысып, 104 матч өтеді. Тартысты бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
