Әнші Ерке Есмахан кенже ұлы Батырдың бір жасқа толуына естелігін бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жүктілік кезінде егіз бала күткен. Дәрігерге көрініп, тексеруден өткен кезде оған егіз сәби дүниеге келетінін айтқан.
Алайда кейін мамандар егіздердің бірінің жүрек соғысы тоқтағанын жеткізген. Ал екіншісі қалыпты дамыған. Әнші ұлы Батыр аман-есен дүниеге келіп, бүгінде отбасын қуанышқа бөлеп жатқанын айтты.
«Батыр бүгін бір жасқа толды. Қазір былдырлап сөйлеп, шиқылдап күліп, еңбектеп жүр. Бізді күн сайын қуанышқа бөлеп келеді. Дені сау, Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
