Барлық мүлік ашық форматта электронды сауда алаңында сатылымға шығарылып отыр.
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған: Алматыдағы «Байсат» базары әкімдікке өтуі мүмкін
177
оқылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базарының әлі күнге дейін сатылмауына сұраныстың төмендігі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Брифинг барысында журналистер бір жылдан бері саудаға шығарылған «Байсат» базарының не себепті сатылмай жатқанын және сатып алушы табылмаған жағдайда оның тағдыры қандай болатынын сұрады.

 Оның сатылмай жатқанының негізгі себебі сұраныстың немесе инвесторларда жеткілікті қаржының болмауы шығар. Егер нысан алдағы уақытта да сатылмаса, менің ойымша оны Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесі қарастырылуы мүмкін,  деді Нұрмахан Әділбеков.

Оның айтуынша, жалпы сатылмай жатқан нысандардың негізгі себебі  сұраныстың төмендігі. Барлық мүлік ашық форматта электронды  сауда алаңында сатылымға шығарылып отыр.

Айта кетейік, Алматыда «Байсат» базары үшінші рет сатылымға шығарылды.