Мәжіліс депутатының пікірінше, съезде қабылданған шешімдер халқымыздың мақсат-мүддесіне қарай нәтижелі жұмыс істеуге арналған қадам.
Нартай Сәрсенғалиев: Екі партияның бірігуі – халық мүддесін қорғауға арналған қадам
135
оқылды

Бүгін Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының кезекті XXVI съезінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев партияның алдағы саяси міндеттері мен елдегі реформалардың маңызына тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, қандайда бір саяси ұйымның жеке амбициясы емес, елдік мүдде бірінші орында тұруы керек. 

– Бұл жерде екі партияның бірігуі, бірігіп қызмет етуі, ең алдымен Қазақстан азаматтарының, біздің халқымыздың мақсат-мүддесін одан әрі бейбіт күндерде қорғауға, одан әрі нәтижелі жұмыс істеуге арналған қадам деп қабылдауымыз керек. Өйткені бұл жерде қандайда бір партияның, қандайда бір саяси күштің жеке амбициясы халықтың мүддесіне келгенде бірінші орында тұрмауы керек.

Сондықтан біздің саяси арнайы кеңесіміз осындай шешім қабылдады. Бүгін еліміздің бүкіл өңірден келген біздің бастауыш партия ұйымдары және оның мүшелері  осы шешімді құптады. Сондықтан да Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан идеясы, Жаңа Қазақстан идеясын одан әрі жүзеге асыру бағытында халқымыздың мақсат-мүддесін қорғау, олардың әлеуметтің ахуалын одан әрі жақсарту бағытында екі саяси ұйымның бірігуінен біз ұтпасақ, ұтылғанымыз жоқ. Саяси ұйымның жеке амбициясы емес, елдік мүдде тұрғысындағы біріккен шешім деп қарастырған дұрыс, – дейді ол.