Блокты садақ атудан ең жоғары нәтижені Диана Юнусова көрсетті.
Дәулеткелді Жаңбырбай Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде 13-орын алды
Фото: ҚР ҰОК
129
оқылды

Қазақстандық садақшылар Антальяда (Түркия) өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогының кезеңіндегі жекелей жарыстарды аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Классикалық садақ атудан Дәулеткелді Жанбырбай 13-орынға ие болды. Медина Мұрат қорытынды хаттамада 43-орынға тұрақтаса, Ильфат Абдуллин 57-орын, Александра Землянова 70-орын, Самира Жұмағұлова 73-орын, Дастан Кәрімов 74-орын, Иван Берча 75-орын және Диана Тұрсынбек 81-орын алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, блокты садақ атудан ең жоғары нәтижені Диана Юнусова көрсетті. Ол жарысты 17-орынмен аяқтады. Мұса Ділмұхамет 23-орынға, Виктория Лян 27-орынға, Адель Жексенбинова 41-орынға, Роксана Юнусова 48-орынға ие болды. Ақбаралы Қарабаев 55-орын, Андрей Тютюн 56-орын және Бунед Мирзаметов 57-орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев аралас командалар арасындағы блокты садақ атудан жарыста алтыншы орын алған болатын.

Сондай-ақ блокты садақ атудан әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова жетінші орынды иеленсе, ерлер құрамасындағы Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн оныншы нәтиже көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.