Иранмен екі күнге созылған өзара соққылардан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен ықтимал келісім туралы қайта мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, АҚШ Иранмен қақтығысты іс жүзінде аяқтаған және тараптар арасындағы келісім алдағы күндері-ақ жасалуы мүмкін.
Бірақ Тегеран бұл мәлімдемелерді әзірге ерте деп бағалап, келісім бойынша түпкілікті шешім қабылданбағанын жеткізді. Иран тарапы келіссөздердің нәтижесіне қатысты нақты қорытынды жасауға әлі негіз жоқ екенін атап өтті.
