Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) Лондонда (Ұлыбритания) өткен Queen’s Club Championships турниріндегі өнер көрсетуін мерзімінен бұрын аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда Рыбакина британдық Кэти Бултермен (73-ші орында) кездесіп, үш сетте жеңіліп қалды — 5:7, 6:2, 4:6. Осылайша, Елена жартылай финалға шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұл Елена Рыбакинаның бір күндегі екінші кездесуі болды. Ол таңертең неміс теннисші Татьяна Мариямен (52-ші орында) кездесіп, үш сетте жеңіске жеткен еді — 6:7, 7:5, 6:0.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
