Украина дрондары Қырымдағы «Титан» зауытын талқандады
Украина дрондары Қырымдағы «Титан» зауытын талқандады
229
оқылды

13 маусымға қараған түні Украина дрондары Қырымдағы Армянск қаласында орналасқан «Титан» зауытына соққы жасады. Бұл туралы Украина Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровди мәлімдеді.

Оның айтуынша, шабуылдан кейін кәсіпорында өрт шығып, өндіріс тоқтатылған.

«Титан» – Шығыс Еуропадағы күкірт қышқылы мен титан диоксидін өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі. Украина тарапының мәліметінше, зауыт өнімдері Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенінде пайдаланылатын шикізат өндіруге қолданылады.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, нысанға ондаған соққы жасалған. Соның салдарынан зауыт аумағында өрт шығып, жұмысшылар эвакуацияланған.