Ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды
Тротуармен жүрген Lexus жүргізушісі 7 тәулікке қамалды
145
оқылды

Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 19 жастағы жүргізуші 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Lexus автокөлігінің жүргізушісі тротуармен жүріп өткен видеоны жариялағаны анықталған. Кадрларда жүргізушінің жаяу жүргіншілерге қауіп төндіргені көрінеді.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол тротуармен жүргені, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен жүргізуші 7 тәулікке қамауға алынды. Ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды.