Ұландық спортшы 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, біріншіліктің жеңімпазы атанды.
Ұландық спортшы панкратионнан Азияның үш дүркін чемпионы атанды
144
оқылды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Burkit Team» спорт командасының мүшесі Абылай Шәкірбеков Вьетнамның Дананг қаласында өткен панкратионнан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұландық спортшы 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, біріншіліктің жеңімпазы атанды. Осылайша Абылай Шәкірбеков панкратионнан үшінші рет Азия чемпионы атағын жеңіп алып, өз шеберлігінің жоғары деңгейін және аталған жекпе-жек түріндегі көшбасшылық орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сәтті жарыстан кейін спортшы елге оралып, Астана халықаралық әуежайында оны Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының өкілдері, жаттықтырушылары, сондай-ақ туған-туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды.

Абылай Шәкірбековтің жеңісі «Burkit Team» спорт командасы үшін маңызды жетістік болды. Оның халықаралық аренадағы табысты өнер көрсетуі – табандылықтың, қайсарлықтың және спортқа деген адалдықтың жарқын үлгісі.

Айта кету керек, ұландықтардың халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижесі еліміздің спорттық беделін нығайтуға ықпал етіп, жас ұрпаққа өнеге болуда.