Павлодар облысында құтқарушылар ер адамға таудан түсуге көмектесті.
Тауға шыққан турист өздігінен төмен түсе алмай қалды
Фото: iStock
166
оқылды

Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылының маңында орналасқан «Батылдар шыңында» құтқарушылардың көмегі қажет болды. Ер адам шыңға көтерілгенімен, өздігінен төмен түсе алмай қалған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жедел жеткен. Құтқарушылар туриске жетіп, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оны таудан түсірді.

Оқиға салдарынан ер адам зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Осы орайда, ТЖМ еске салады: таулы аймаққа шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалап, тек қауіпсіз әрі тексерілген бағыттарды таңдаңыз. Жер бедерінің ерекшеліктерін алдын ала зерттеп, ыңғайлы киім мен аяқкиім киіңіз және жалғыз саяхатқа шықпаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.